RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында 137 мектеп жаңғыртылады

05.07.2026, 17:00 41

Жамбыл облысында 2029 жылға дейін 137 мектепке күрделі жөндеу жүргізелді. Ал жыл соңына дейін 3 жаңа білім ұясы мен қосымша 7 ғимарат пайдалануға беріледі.

Бұл апатты мектептер мәселесін шешіп, оқушы орны жетіспейтін екі білім ордасының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Бурыл тұрғын алабындағы бұл мектеп 2009 жылы пайдалануға берілген. Алайда арада көп уақыт өтпей-ақ ғимараттан ақаулар анықталған. Шатырынан су өтіп, қабырғалары жарылып, іргетасы шөге бастаған. Өткен жылы мұнда құны 2 миллиард теңгеден асатын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

Жансерік Әзімханов, №54 орта мектеп директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда 70% жұмыс орындалды. Мердігерлерден ешқандай кінәрат жоқ. Жақсы жүмыстар, қарқынды жүріп жатыр. Енді 20 шілдеде бітіру керек. Уақытымен бітсе, тамыздың басында көшіру жұмыстарын бастаймыз.

Ал Мәншүк Мәметова атындағы мектепте құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнда оқушы орны жетіспегендіктен, ескі ғимараттың орнына 600 орындық жаңа қосымша корпус салынды. Нысанды құрылысшылар жоспарланған мерзімнен бұрын, тамыз айында пайдалануға беруді көздеп отыр.

Берік Дәрібаев, учаске бастығы:

 - Ғимарат 3 блоктан тұрады: 1-ші, 2-ші оқу блок корпусы, 3-ші корпустың бірінші қабатында асхана бар. Екінші қабатында спорт залы бар, үшінші қабатында акт залы бар. Асхана 278 оқушыға арналған, акт залға бір мезетте 100 оқушы отыра алады.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін өңірдегі 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар жаңа мектептер мен қосымша оқу ғимараттары пайдалануға беріледі.

Динара Жаңабаева, облыстық Білім басқармасы бөлімінің басшысы:

- Біз тозығы жеткен 3 мектептің мәселесін шешеміз. 5 мектептің спортзал асхана мәселесінің шешімін табады. Сондай-ақ биылға 6 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылды. Жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарланудамыз.

Жаңа мектептер мен қосымша ғимараттардың арқасында өңірде үш ауысымды оқу мәселесі күн тәртібінен алынған. Енді оқушы орны жетіспейтін 17 мектептің мәселесін кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

Авторлары: Карина Хаберова, Анастасия Сүлейманова, Тимур Сейілхан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz