Ұлттық домбыра күні елордада кең көлемде аталып өтті. Мерекеге орай қаланың әр бөлігінде мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Халық көп жиналатын Амфитеатрда бүгін де кісі қарасы қалың. Мұнда келушілер назарына тақырыптық алаңдар ұсынылды. Оның бірінде ағаш шеберлері домбыра жасаудың қыр-сырын үйретсе, енді бірінде ұлттық аспаптың шығу тарихы мен өзіндік ерекшеліктері айтылды. Басты мақсат - ұлттық құндылықтарды дәріптеп, төл мұрамызды көпшілікке паш ету, - дейді ұйымдастырушылар. Бұдан бөлек, дәл осы маңда жаңа форматтағы мультимедиялық қойылымдар мен ашық аспан астында кино көрсетілімі өтті.
Гүлнұр Өрікбайқызы, Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Домбыра күні құтты болсын. Домбыра - көнеден келе жатқан аспаптарымыздың бірі. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп айтады ғой. Домбыра күні жасасын.
Әсиат Серқұлқызы, қала тұрғыны:
- Немерелерім Алматы қаласынан келген. Домбыраға қызығады. Көрмеге алып келдім. Домбыра қалай жасалатынын, дымбыра үнін естіртейін деп алып келдім. Жақсы бір шара болып жатыр, өз деңгейінде.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #домбыра күні #мереке #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz