Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы орман өрті оқшауланды. Өрт 3 шілде күні тұтанып, жалпы аумағы шамамен 1200 гектар жерді шарпыды.
Оның 45 гектары мемлекеттік орман қорының аумағына тиесілі. Өртті сөндіру жұмыстарына облыс әкімдігінің авиациясы маңызды үлес қосты. Ми-8 тікұшағы Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясымен бірлесіп, жерүсті техникасы жете алмайтын таулы-орманды аймақтарға құтқарушылар мен қажетті құралдарды тасымалдады. Жалпы өртті сөндіруге 400-ге жуық адам, 44 техника және екі тікұшақ жұмылдырылды. Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ШҚО #өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz