Инфрақұрылымдық капиталдан адам капиталына көшу. Астананың даму векторы осылайша өзгереді.
Елорданың әлеуеті, құрылыс ауқымы мен инвестиция көлемі сынды критерийлермен емес, тұрғынның уақыты, қауіпсіздігі, қозғалыс еркіндігі және эмоционалды жайлылығы сынды өлшемдермен бағалануы керек деген шешім шығарды арнайы құрылған фокус тобы. Яғни қаланың шынайы қолайлылығы ғимараттар санымен емес, адамның қалалық қызметтерге қолжетімділігімен және оның өз қаласына тиесілілік сезімімен өлшенуі тиіс. Сондықтан тұрғын үй құрылысының қарқыны мектеп, балабақша, жасыл аймақтар мен демалыс орындарының дамуынан озып кетпеуі керек. Демек Астананың алдағы даму кезеңі тек физикалық инфрақұрылымды кеңейтумен емес, адам капиталына, әлеуметтік сенімге, қоғамдық қатысуға және ортақ қалалық мәдениетке инвестиция салумен тікелей байланысты.
Тегтер #Астана #даму векторы #инфрақұрылым #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz