Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын жөндеуге Үкімет ререзвінен 1,7 млрд теңге бөлінді.
Оған станциядағы тозығы жеткен қос қазандық қалпына келтіріліп, жылу желілері ауыстырылады.
2022 жылдың күзінде тоқтап қалған Риддер жылыту электр орталығының тозу деңгейі қазір бір жарым есеге, яғни 75 пайыздан 43 пайызға төмендеді. Станция жұмысын реттеуге Үкімет резервінен 1,7 млрд теңге бөлінді. Қазір мұнда қос қазандық пен қосымша агрегаттар жөнделіп жатыр.
Кирилл Голота, станция директоры:
- Биыл қос қазандықтың бірінші сатыдағы экономайзері, ауа жылытқыш және газ өткізгіш агрегаттары ауыстырылады. Сонымен қатар қосымша қондырғылар жөнделеді.
Осының арқасында нысан қауіптілігі жағынан “сары деңгейге” өтті. Мамандардың айтуынша, бұдан былай жылу электр орталығына мемлекеттен қаржы бөліндейді. Енді оны иесі жүргізеді. Қазір облыстағы Өскемен және Согра станциялары да жөнделіп жатыр.
Досжан Сейітқамалов, облыстық ТҮКШ және энергетика басқармасының бөлім басшысы:
- Жалпы жылыту маусымына дайындық барысында бізде облыстағы 3 ЖЭО қазан агрегаттарын және турбоагрегаттарын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар аудандағы орталықтандырылған қазандықтарда ағымдағы жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар биыл облыста 44,7 км жылу желілеріне ағымдағы жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Барлық станция бойынша жөндеу жұмыстары жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Риддердегі №5 қазандық тамыз, ал №6 қазандық қыркүйек айының соңына қарай іске қосылады.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Әнел Есенбердина, Жігер Бабақанов
Тегтер #Риддер #жылу электр орталығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz