RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция және азаматтық жауапкершілік

07.07.2026, 08:00 34

Мемлекеттің іргетасы - заң. Жаңа Конституция еліміздің саяси келбетін түбегейлі өзгертіп, жаңаша дамуға жол ашады. Соның бірі - Құрылтай сайлауы.

Бұл - тек саяси науқан емес, бұл - әрбір қазақстандықтың өз болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі.

Конституциялық өзгерістердің нәтижесінде Құрылтайдың рөлі артты. Енді халық өкілдері заң жобаларын қабылдауға тікелей араласады. Бұл дегеніміз әрбір депутаттың артында сайлаушылардың сенімі тұр деген сөз.

Тарихи сабақтастықты, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра отырып, адам құқының салтанат құруы, ғылыми әлеуетімізді нығайту, мәдени даму – осыларды құндылық ретінде бағалау арқылы біз үлкен бір жаңа өмірге аяқ басқалы тұрмыз. Жеке адамның құқығы деген  Конституцияның бірінші бабынан бастап, соңғы бабына дейін түгел қамтылған. Бұл ерекше жағдай деп ойлаймын.

Азаматтық жауапкершілік тек дауыс берумен шектелмейді. Бұл заң талаптарын білу, кандидаттардың бағдарламасын талдау және қоғамдық бақылауға белсенді атсалысу. Цифрлық технологиялар заманында мемлекеттік шешімдерге ықпал ету бұрынғыдан да қолжетімді болды. Әрбір дауыс - елдің ертеңгі бағытын айқындайтын маңызды қадам.

Сәуле Сапаралиева, ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы институтының директоры:

- Жалпы бұл өзгерістер өкілеттіліктердің қайталануын болдырмауға, мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді күшейтуге, шешім қабылдауға тиімді орын береді деп айтуға болады. Жалпы мемлекеттік басқару ашықтығы мен жауапкершілігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Конституция - халықтың құқы, еркіндігі, қорғаушысы. Сол себепті де оны толық жүзеге асыру - әрбір азаматтың міндеті. Құрылтай сайлауына қатысу - сіздің де жаңа Қазақстанның дамуына қосқан үлесіңіз болмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz