RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Қарағанды хайуанаттар бағында Амур жолбарысының шөнжіктеріне есім берілді

07.07.2026, 15:07 35

Қарағанды хайуанаттар бағында Амур жолбарысының егіз шөнжіктеріне ресми түрде есім берілді, деп хабарлайды «24KZ».

Жануарларға есім таңдау үшін хайуанаттар бағы әлеуметтік желілерде арнайы байқау ұйымдастырған. Оған тұрғындар белсенді қатысып, 300-ден астам ұсыныс жолдаған.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ұрғашы шөнжікке Киара, ал еркегіне Муфаса есімі берілді. Бұл атаулар көпшілікке «Арыстан патша» мультхикаясынан жақсы таныс.

Қарағанды хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекованың айтуынша, мерекелік іс-шара аясында жас домбырашылар арасында онлайн байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталған. Сол күні жолбарыс шөнжіктерінің есімдері де жарияланды.

Қазір шөнжіктердің жағдайы жақсы. Олар анасымен бірге өмір сүріп, күн сайын өсіп, қоршаудағы кеңістікті игеріп келеді. Болашақта жолбарыстардың бірін Қарағандыда қалдыру, ал екіншісін басқа хайуанаттар бағымен айырбастау жоспарланып отыр.

Амур жолбарысы – Қызыл кітапқа енген сирек жануарлардың бірі. Мамандардың айтуынша, мұндай төлдердің дүниеге келуі осы түрдің популяциясын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Биыл Қарағанды хайуанаттар бағында басқа да жануарлардан төл көп туған. Жылқы, түйе, шетленд пониі, еуропалық бұғы, камерун ешкісі және өзге де жануарлардың қатары көбейіп, алдағы уақытта тағы да төл күтіліп отыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz