Қостанай облысында ірі көлемдегі вейптерді Қазақстан аумағына заңсыз алып кіру әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды «24KZ».
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 29 маусым күні Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде жүк көлігін тексеру кезінде басқа тауарлардың арасына жасырылған 27 624 дана вейп анықталған.
Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің жалпы құны 500 млн теңгені құрайды.
Қазір аталған дерек бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.
Еске салайық, Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды ел аумағына әкелуге, өндіруге және сатуға заңмен тыйым салынған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #вейп #контрабанда #ҚостанайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz