Астана инфрақұрылымға емес, адами капиталға инвестиция құятын мүмкіндіктер шаһарына айналуға тиіс.
Бұл – «Хабар» агенттігінің арнайы тапсырысымен жүргізілген әлеуметтік зерттеудің түйіні. Қаланың жайлы болуы, жұмысқа орналасу, қауіпсіздік, цифрлық сервистердің қызметі секілді бірнеше бағытты қамтыған зерттеуге 25 адам қатысқан. Фокус топ әр саланы терең талқылай отыра, шаһардың мүмкіндіктері мен олқы тұстарын анықтады. Қатысушылар бір қала ішінде бірнеше шағын қалашық құрылғанын атап өтті. Бұл күнделікті тыныс-тіршілік үшін өте ыңғайлы. Алайда бас шаһардың өзге бөлігіне қатынау қиындай түскен. Жалпы жасыл аймақтар мен қоғамдық кеңістіктер, ыңғайлы инфрақұрылым түзуде оң өзгерістер байқалады. Астанадағы қауіпсіздік те жоғары деңгейде. Бұған көшедегі камералар, жарықтандыру мен қоғамдық тәртіптің қатаң қадағалануы себеп. Әлеуметтік зерттеу қатысушыларының пікірінше, Астанаға ғана тән қала мәдениетін қалыптастыру үшін әлі де жүйелі идеалогиялық жұмыстарды жүргізу қажет.
Тегтер #Астана #әлеуметтік зерттеу #адами капитал #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz