Ақтаудан 40 шақырым жердегі шомылуға рұхсат етілмеген жағажайда ер адам мен бала суға кетті.
Мамандардың айтуынша, арнайы жабдықталмаған орындарда суға түсу қауіпті. Ондай жерлерде құтқару бекеттері болмайды. Өңірде бір күнде екі оқыс оқиға болды. Төтенше жағдайлар қызметі жедел әрекет етіп, тағы әкелі-балалы 2 адамды судан алып шықты. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Ерлан Солтанмұратов, облыстық ТЖД ресми өкілі:
- Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тек шомылуға арналған, яғни жабдықталған орындарда ғана суға түсуге шақырады. Шомылауға жабдықталмаған учаскелерде суға түсу өмірге қауіпті. Балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмаңыздар және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Тегтер #Каспий #теңіз #суға кеткендер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz