14 тілде сөйлейтін Euronews енді қазақ тілінде де хабар таратады. Ал, оның даму орталығы – Астанадағы бюро саналады.
Бірлескен жобаны Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов, Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид және Euronews-тің Астанадағы бюро басшысы Боян Бркич таныстырды. Бастапқыда қазақ тіліндегі халықаралық жаңалықтар жұмыс күндері YouTube арнасында арнайы сілтеме арқылы жарияланады. Кейін бірте-бірте телевизиялық және басқа да медиаплатформалардан көрсетіле бастайды. Euronews халықаралық жаңалықтар контентінің 90%-ға жуығы қазақ тіліне бейімделеді. Оны дыбыстық сүйемелдеу, экрандық графика және эфирдің мәтіндік элементтері арқылы қамтамасыз етеді. Бүгінде медиа желі әлемінің 160-тан астам еліне тарайды. Демек қазақ тілінің халықаралық ақпараттық кеңістікте ілгерілеуіне және отандық аудиторияның әлемдік жаңалықтарды бұрмалаусыз көруіне мүмкіндік ашылады.
Педро Варгас Давид, Euronews директорлар кеңесінің төрағасы:
- Euronews үшін қазақ тілінде жаңалық тарату халықаралық желіні дамыту тұрғысынан негізгі тармақтардың бірі саналады. Біз байыпты түрде тіл қолданысын кеңейтіп, ауқымды аудитроияға сапалы дүние ұсынамыз. Қазақстан – біз үшін Орталық Азиядағы маңызды серіктесіміз. Сондықтан аталған жобаны қолдаған ел үкіметін жоғары бағалаймыз. Біздің қатынас одан әрі де қарқынды дамитынына сенімідімін.
Тегтер #Euronews #қазақ тілі #жаңалықтар #ресмиPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz