RU
Толық нұсқаға өту

Жастардың 25 пайызы болашақта саяси өмірге қатысуды жоспарлап отыр

07.07.2026, 21:20 29

Елдің жастары қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласады. Оған себеп – цифрлық технологиялардың жаппай енгізілуі. Сарапшылар осылай дейді. 

Бүгінде ел өміріндегі өзгерістерге бей-жай қарамайтын жас буынның қатары артып келеді. Мамандар мұны қоғамдық һәм саяси саладағы оң өзгерістердің нәтижесі деп бағалайды. Қазіргі таңда Қазақстанда 6 млн-ға жуық жас тұрады. Бұл ел халқының шамамен 30 пайызын құрайды.

Ақмарал Тұрғалеева, әлеуметтанушы:

- Жастардың шамамен 14-15%-ы саяси оқиғаларға тұрақты түрде қызығушылық танытады. Алайда барлық әлеуметтік сауалнамалар жастардың әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді. Яғни болашақта жастардың шамамен 25%-ы қоғамдық-саяси өмірге қатысуды жоспарлап отыр. Олар азаматтық белсенділігін де, саяси белсенділігін де танытуға ниетті. Демек біздің жастардың әлеуеті өте жоғары. Сондықтан алдағы ауқымды саяси өзгерістер қарсаңында, осы әлеуетті тиімді пайдалану маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz