Жамбыл облысында полицейлер 8,5 келі марихуана тәркілеп, күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Жамбыл облысында Шу алқабынан есірткіні заңсыз әкетудің жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жалғасып жатыр. Осындай деректердің бірі Шу – Қайнар автожолында анықталды.
«Қарасора-2026» және «Канал – Янтарный берег» республикалық жедел алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ВАЗ-21213 автокөлігін тоқтатты.
Көлікті Шу ауданының тұрғыны басқарған. Автокөлікті тексеру кезінде полицейлер қаптың ішінен 8 келі 500 грамм марихуана тапқан.
Тінту жұмыстарына «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері мен Хэппи есімді қызметтік-іздестіру иті тартылды.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері мобильді топтар Жамбыл облысынан еліміздің басқа өңірлеріне есірткіні заңсыз тасымалдаудың сегіз арнасының жолын кескен.
Аталған дерек бойынша есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Жамбыл облысы #полиция #есірткі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz