Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды «24KZ».
«Жалғыз акционердің шешімімен «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», - деді «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы лауазымын 2025 жылдың шілдесінен бастап атқарды.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) басшысы Талғат Алдыбергеновтің назарын транзиттік тасымал жоспарынан қалып қою мәселесіне аударды. Премьер ұлттық компания басшысының жеке жауапкершілігі туралы ескертті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Талғат Алдыбергенов #ҚТЖ #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz