RU
Толық нұсқаға өту
Видеодан алынған кадр

Кәсіпкер тергеушіге пара бермек болып, қылмыс үстінде ұсталды

08.07.2026, 14:24 43

Ұлытау облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері пара беру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ».

Ер адам алаяқтық ісі бойынша оң шешім қабылдату үшін тергеушіге 2 мың доллар (940 мың теңге) ұсынған. Кәсіпкердің бұл әрекеті бейнекамераға түсіп, ол ақша беру кезінде ұсталды.

Ақша тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторында. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция пара беру заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Мұндай әрекет үшін айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz