Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні. 1992 жылы 8 шілдеде Қарулы Күштер Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылған еді.
Бүгінде оның құрамына сегіз әскери госпиталь, төрт лазарет, Орталық әскери-дәрігерлік комиссия, санитариялық-эпидемиологиялық бөлімшелер және медициналық білім беру ұйымдары кіреді. Бүгінде әскери медицина инфрақұрылымын жандандыруға мән беріліп келеді. Астана мен Алматыда әскери госпитальдар жаңғыртылып жатыр. Семей қаласындағы әскери госпитальдің де жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар Ақтау қаласында әскери теңізшілерге арналған госпиталь мен Алматыда Әскери медицина академиясын құру жоспарда бар.
Берік Ілясов, ҚР ҚК БӘМБ емдеу алдын алу басқармасының бастығы:
- Соңғы жылдары Қорғаныс министрлігі басшылығының қолдауымен көптеген күрделі жөндеу жұмыстары, одан да бөлек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек былтыр 8 модульдық медициналық бөлімше салынып іске қосылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әскери медицина #мереке #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz