Қазақстандықтар «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында 62,71 млн АҚШ долларына жуық қаражатты пайдаланды.
Оның 41 млн доллардан астамы тұрғын үй жағдайын жақсартуға, 22 млн долларға жуығы білім алу ақысын төлеуге жұмсалды. Бұл жайында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады. Ұлттық жобаға қатысушылардан 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін 333 мың 809 өтініш қаралған. Бағдарлама аясында жинақталған қаражатты толық немесе ішінара пайдалануға болады. Пайдаланылмаған сома 10 жыл бойы шотта сақталады. Осы мерзім ішінде игерілмесе азаматтың зейнетақы шотына аударылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ұлттық қор #балалар #қаржыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz