RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында учаскелік комиссия мүшелері даярлықтан өтеді 

09.07.2026, 07:30 39

Қызылорда облысында Құрылтай сайлауына орай тоғыз жаңа сайлау учаскесі ашылады. Осылайша, өңірде дауыс беретін учаске саны 386-ға жетті. 

Оның 132-і облыс орталығында, қалғаны аудандарда. Облыс бойынша жарты миллионнан астам сайлаушы бар. Екінші тамызға дейін тізім жаңартылады. Саяси науқанда 9 аумақтық және 386 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оған екі мың сегіз жүз адам мүше. 

Абай Тағыберген, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:

- 140-тан астам жаңа комиссия мүшелерін оқуыту жоспарланып отыр. Оқыту әртүрлі форматта ұйымдастырылады. Яғни бұл жерде азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету, сайлаушылардың тізімін өзектендіру, байқаушылармен сенім білдірген адамдармен жұмыс жасау сынды процестерді қамтитын боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz