RU
Толық нұсқаға өту

Заң мен тәртіп: Қарағанды облысында 600-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

09.07.2026, 08:08 142

Қарағанды облысында жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 600-ге жуық жүргізуші ұсталды. 

Былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда мұндай құқық бұзушылықтар азайғанымен, мәселе әлі де өзекті. Полиция қызметкерлері күн сайын жүгенсіз  жүргізушілерді анықтап, әкімшілік жазаға тартады. Мысалы, мереке күндерінің өзінде Балқашта ішімдікке сылқия тойып алып көлік тізгіндеген төрт адам қолға түсті.

Демалыс маусымы басталғалы Балқаш полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне ауысқан. Себебі туристер ағыны артқан сайын мас күйде көлік жүргізетіндер көбейеді.

Медет Нұрмұханов, ПД патрульдік полиция батальонының командирі:

- Өткен демалыс күндері Балқаш қаласының демалыс орындарында алкогольдік ішімдік ішкен 4 жүргізуші ұсталды. Олардың бірінің көлік жүргізу құқығы болмаған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамассыз  етуге бағытталған мұндай профилактикалық жұмыстар, бақылау іс-шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. 

Жыл басынан бері облыс бойынша 600-ге жуық мас жүргізуші ұсталды. Солардың бірі – Алексей. Заң алдындағы жауапкершілікті аттап, рульге отырғаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алексей, қала тұрғыны:

- Әрине өкінемін. Сол кезде өзіме де, айналамдағы адамдарға да зиян келтіруім мүмкін еді. Сол үшін жазаландым, абыройыма да нұқсан келді. Енді достарыма көлікке мас күйде отырмаңдар деп үнемі айтып жүремін.

Мас жүргізушілер мәселесі – Қарағанды облысында ғана емес, ел бойынша өзекті. Биылдың бес айында ішімдікке сылқия тойып, көлік басқарған жүргізушілердің кінәсінен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның кесірінен төрт адам қаза тауып, тағы 212 адам жарақат алды.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz