RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚМА

Жамбыл облысында 293 млн теңгенің контрафактілік темекісі тәркіленді

09.07.2026, 12:56 46

Жамбыл облысында таңбаланбаған темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды «24KZ».

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген тергеу барысында Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін жеткізу және өткізу арнасы анықталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, Жамбыл облысының тұрғыны заңсыз жеткізілген өнімді өзіне бағынышты тұлғалар арқылы өткізген. Контрафактілік темекілер Тараз қаласындағы сауда орындарында сатылып, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына және Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарына жөнелтілген.

Тінту барысында заңсыз айналымнан 319 мыңнан астам қорап таңбаланбаған темекі өнімі тәркіленді. Оның жалпы құны 293 млн теңге. Төленбеген акциздер сомасы 115 млн теңгені құрады.

ҚМА мәліметінше, қылмысқа қатысушылар қаржы есеп айырысуын жасыру үшін банктік жүйеден тыс ақша аударуға мүмкіндік беретін бейресми «Хавала» жүйесін пайдаланған.

Сот санкциясымен темекі өнімдерін тасымалдауға қолданылған үш автокөлікке тыйым салынды. Бес күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz