Бұл қаражатқа төтенше жағдайды ерте анықтайтын заманауи жүйелер енгізіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттары сатып алынады.
Оған қоса бейнебақылау, байланыс және деректерді беру жабдықтарын жаңартып, инфрақұрылымды күшейту жоспарланып отыр. Осылайша, бағдарламалық және техникалық шешімдерді бірігіп, қорғалатын аумақтарды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік туады. «Оқыс оқиға болған жағдайда ақпаратты жедел жеткізіп, қауіптің алдын аламыз», - дейді мамандар. Жоба аясында өңірлерге орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің 14 кешені жеткізілді. Бұл құрылғы тәулік бойы жұмыс істеп, түтінді, температураның көтерілуін, сондай-ақ жалынның инфрақызыл және ультракүлгін сәулеленуін тіркейді. Қауіп расталған жағдайда ақпарат жедел түрде диспетчерлік пунктке немесе өртке қарсы қызметке жіберіледі. Айта кетейік, қаржы «Жасыл даму» қоры есебінен бөлінді.
Тегтер #орман #өрт #күресPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz