Атап айтқанда, 10 шілдеден бастап Қарағанды-Балқаш-Бұрылбайтал және Бұрылбайтал-Құрыл уческелері ақылы жүйеге көшеді.
Ал 11 шілдеден бастап жүргізушілер Талдықорған-Өскемен бағыты үшін төлем жасайды. Бұл туралы «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы хабарлады. Қарағанды-Балқаш-Бұрылбайтал жолының ұзындығы 645 шақырым. Рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырым. Дегенмен көлігі Бұқар жырау, Абай, Шет, Ақтоғай, Мойынқұм, Жамбыл ауданы және Балқаш пен Приозерск қалаларында тіркеуде тұрған жүргізушілерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Ал Бұрылбайтал-Құрты бағытындағы ақылы жолдың ұзындығы 80 шақырым. Мұнда да жылдамдықтың шекті мөлшері сағатына 140 шақырым. Жамбыл және Іле аудандарында тіркелген көлік иелері абоненттік төлемді рәсімдей алады. Сондай-ақ 11 шілдеден бастап Талдықорған-Өскемен бағыты да ақылы болады. Рұқсат етілген жылдамдық сағатына 110 шақырым.
Тегтер #автожол #ақылы #ҚарағандыБалқашБұрылбайталPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz