RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында темекі контрабандасы тоқтатылды 

09.07.2026, 14:26 39

Жамбыл облысында темекі контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. 

Қырғызстаннан жеткізілген контрафактілік өнім еліміздің ірі қалаларында саудаланып келген. Құзырлы органдар жүргізген тінту кезінде заңсыз айналымнан құны 293 миллион теңге болатын 319 мың қорап темекі тәркіленді. Мемлекетке төленбеген акциз сомасы 115 миллион теңгені құрайды. Ұсталғандар ақша ағынын жасыру үшін банктік жүйеден тыс бейресми есеп айырысу жүйесін пайдаланған. Қазір 5 күдікті қамауға алынды.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті ҚР аумағына таңбасыз заңсыз темекі өнімжерін әкелумен айналысқан ТҰҰҚТ қызметін тоқтаттты. Тергеу амалдарына сай Жамбыл облысында Қырғыз Республикасының тұрғыны темекі өнімдерін заңсыз жеткізуді ұйымдастырып, оларды өзіне бағынысты тұлғалар арқылы өткізген. Контрафактілік өнім Тараз қаласындағы сауда орындары арқылы сатылып, Алматы, Шымкент қалаларына, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына жөнелтілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz