Енді отбасында күш көрсеткендер сот шешімімен психологиялық түзету курсынан өтеді.
Бұл бастама Астанада өткен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған конференцияда таныстырылды. Биыл жыл басынан бері мұндай шара мыңнан астам құқық бұзушыға қолданылды. Сондай-ақ полиция 43 мыңға жуық қорғау нұсқамасын берген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,3 пайызға көп. Қазақстан Президенті жанындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежана Имашеваның айтуынша, зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құқық бұзушыны жауапқа тартумен шектелуге болмайды. Мұндай әрекетке не түрткі болғанын анықтау қажет. Егер күш көрсетуге психологиялық мәселе себеп болса, сот арнайы түзету курсынан өтуді міндеттей алады.
Снежана Имашева, ҚР Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары:
- Бізде 2 бағыт бар, осы абьюзердің мінез-құлқын өзгерту үшін негізі поликлиникаларда соттың шешімі болса, осындай шара қолдану керек деген. Екіншіден, пилоттық жоба - бұл арнайы орталық, бұл жерде барлық керек мамандар шоғырландырылған. Психологтар және басқа да мамандар жүйелі түрде осындай азаматтармен жұмыс жасайтын болады.
Тегтер #отбасы #агрессия #психология #курс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz