Таразда соғыс ардагері Геннадий Иванов 100 жасқа толды.
Майдангерге туған туыстары, әкімдік қызметкерлері мен әскерилер құтты болсын айтып келді. Қорғаныс саласының мамандары қарияға министрдің құттықтау хатын табыстады. Геннадий Иванов 17 жасында Қызыл әскер қатарына шақырылып, Польша аумағындағы шайқастарға қатысқан. Миномётші ретінде Берлинге дейін жетті. Майданннан соң 1956 жылдың қыркүйегіне дейін әскери қызметте жүрді. Кейін Жамбыл өңіріне қоныс аударып, ұзақ жыл математика пәнінің мұғалімі болды. Бүгінде өңірде үш майдангер бар. Ал Таразда 600-ден астам тыл ардагері тұрады.
Геннадий Иванов, соғыс ардагері:
- Қазіргі жастарға ең алдымен денсаулық тілеймін. Денсаулықты жастайынан күтіп, шынығып өсу керек. Адам бойында күш те, табандылық та, рух та болуы қажет. Ең бастысы, өз еліңді, өз Отаныңды сүю қажет. Сонда ғана елге пайдасы тиетін, Отанына адал азамат болып өседі.
Бақытжан Қырғызәлі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары:
- Біз әрқашан да осындай ардагерлерімізді үлгі тұтамыз. 100 жасқа келу деген оңай сан емес. Әрқашанда өзінің Отанға деген махаббатымен, ыстық лебізімен осы жасқа келіп отыр. Отанға деген сүйіспеншілік, өмірге деген қызығушылық қазіргі жастарға беретін басты мақсат, жақсы тәрбиенің бірі деп ойлаймын.
Тегтер #Тараз #соғыс ардагері #құрмет #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz