RU
Толық нұсқаға өту

Ветеринарияны жаңғыртуға ₸66 млрд бөлінеді

10.07.2026, 07:50 41

Бүгін елде ветеринарлар күні. Жауапты міндетті атқарып жүрген мамандарға әрдайым құрмет ерекше. Кейінгі жылдары саланы жаңғыртуға көптеп көңіл бөліне бастады.

Алдағы жылдары ветеринария қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 22 млрд теңге бағытталады. Соған сай жалақы қоры 2,5 есеге дейін артуға тиіс. Бұл туралы 2026-2030 жылдарға арналған Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарында айтылған. Сондай-ақ Үкімет бекіткен жоспар шеңберінде саланың материалдық-техникалық базасын 80 пайыз жаңартуға 66 млрд теңге қарастырылып отыр. Бөлінген қаржыға ветеринариялық инфрақұрылымды салу және жаңғырту, зертханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтау және мамандандырылған көлік паркін жаңарту көзделіп отыр. Бүгінде ел ішіндегі эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау бойынша шекара маңындағы аумақтарда 67 ветеринариялық бақылау бекеті жұмыс істейді. Мамандар импорттық, экспорттық және транзиттік операциялар барысындағы заңдылықты қамтамасыз етеді. Былтыр инспекторлар 60 мыңға жуық көлікті тоқтатып, 700 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімін тексерген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz