RU
Толық нұсқаға өту

Елде 2400 ветеринарлық нысан салынады

10.07.2026, 08:00 35

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 57 ветеринариялық пункт пен екі аудандық ветстанция салынады. Бұл мақсатқа Үкіметтен 1,7 млрд теңге бөлінді.

Жаңа ғимараттар елді мекендердегі қызмет көрсету сапасын арттырып, ветеринариялық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Ғабит Мусиннің ветеринар боп жұмыс істеп жүргеніне 40 жыл болды. Якорь ауылдық округінің мал дәрігері 4 мың үй жануары мен 8 мың құстың жай-күйіне жауапты. Былтыр елді мекенде жаңа ветеринарлық пункт салынды.

Ғабит Мусин, мал дәрігері:

- Ветпункт салып берді. 4 кабинетім бар. Процедур кабинеті бар. Тоңазытқышта дәрі-дәрмек тұрады. Көлікпен шақыртуларға барып тұрамын. Бұған дейін басқа фирмаларда отыратынбыз, ТОО-ның бір кабинетінде. Компьютерді кейбір кезде қосқызады. Кейде алып тастайтын. Қазір өзіміздің компьютер.

Солтүстік Қазақстан облысында 436 мал дәрігері жұмыс істейді. Биыл олар 3 жарым миллион малға қауіпті ауруларға қарсы вакцина салды. Сондықтан материалдық-техникалық базаның нығаюы өте маңызды, - дейді мамандар.

Жанат Әміржанов, Ветеринария басқармасының басшысы:

- Үкімет облысымызға ветеринария объектілерін салуға және жаңартуға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд 770 млн теңге бөлді. Бүгінгі күні облыста 57 ветпункт пен екі аудандық ветстанцияны сатып алуға жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 8 млн 120 мың үй жануары тіркелген. Қазір ветеринария туралы заңға тиісті өзгертулер енгізіліп, олардың жалақысын көтеру жөнінде Үкімет қаулысы шықты.

Тасқын Қызайбаев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

- Біздің жергілікті атқарушы билік органдары қарамағындағы ветеринарлық мамандардың айлығын көтеру көзделіп отыр. Ол жаңағы республикалық бюджеттік комиссияның қолдауы бар бұл тарапта. Ол нысандарға 22,1 млрд теңге көзделген. 27 жылдан бастап келесі жылдарға да арналады. Сонымен қатар ветеринарлық инспекторлардың айлығын көтеру көзделіп отыр.

Мал шаруашылығының дамуы - ветеринарлық қауіпсіздікке байланысты. Бұл ретте Президент тапсырмасымен Үкіметтен сала инфрақұрылымын дамытуға 66,2 млрд теңге бөлінді. Оған 2400 ветеринарлық нысан салынады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz