RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда 952 сайлау учаскесі ашылады

10.07.2026, 09:30 39

Түркістан облысында Құрылтай сайлауы күні 952 учаске ашылады. Өңірде 1 млн -нан астам сайлаушы бар. Яғни, облыс халқының жартысынан көбі дауыс беруге құқылы.

Жыл сайын бұл тізім толығып келеді-дейді жауаптылар. Биылдыққа 8 253 адам қосылған.   Науқан кезінде  970 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олар арнайы оқудан өтіп жатыр. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Түркістан қаласы мен Сауран ауданында жаңадан 4 учаске ашылып, алтауының шекарасы кеңейтілді. Саяси науқанның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 32 қоғамдық бірлестік аккредиттелді. Сондай-ақ 11 қоғамдық бірлестікке орталық сайлау комиссиясы тарапынан ресми куәлік берілді.

Аңсар Өсербаев, облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Облысымызда 14 мыңнан аса мүгедектігі бар азаматтар тіркелген болса, ол азаматтардың сайлау учаскесіне келіп, сайлауға қатысуына пандус, учаскелердің есіктерінен кіріп-шығу мәселелері жергілікті атқарушы органдармен білесіп жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ учаскелердің интернет байланысы, электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша да жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz