RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында жер сілкінісі болды

10.07.2026, 09:38 69

Жамбыл облысында 10 шілдеге қараған түні жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жерасты дүмпулері 10 шілдеде Астана уақытымен сағат 00:59-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Тараздан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5-ті құрады. Жер асты дүмпуінің сезілуі мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz