RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Атыраулық тұрғын полицияға Winchester 1895 винтовкасын өз еркімен тапсырды

10.07.2026, 10:11 47

Атырау қаласының тұрғыны заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде ақылы тапсыру акциясы аясында полицияға Winchester 1895 ойық ұңғылы винтовканы өз еркімен тапсырды, деп хабарлайды «24KZ». 

Азаматтың айтуынша, қару оған атасынан мұра болып қалған және ұзақ жылдар бойы үйінде сақталған. Акция туралы білгеннен кейін ол қаруды полицияға өткізу туралы шешім қабылдаған. 

Қазіргі уақытта қаруға Атырау облысы полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының мамандары тиісті сараптама жүргізіп жатыр. Егер оның тарихи құндылығы расталса, қару Атырау облысы полиция департаментінің музей қорына табысталып, тарихи жәдігер ретінде сақталатын болады. 

Айта кетейік, Winchester 1895 винтовкасы XIX ғасырдың соңында америкалық қару конструкторы Джон Браунингтің жобасы бойынша әзірленген. Өз дәуірінде сенімділігімен танылған бұл қару кеңінен қолданылған үлгілердің бірі болған. 

Полиция заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтар заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Егер үйіңізде тіркелмеген немесе заңсыз сақталып тұрған қару болса, оны ерікті түрде полиция органдарына тапсыруға шақырады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz