RU
Толық нұсқаға өту
Фото: lada.kz

Бозжырада тағы бір визит-орталық пен этно-кафе салынады

10.07.2026, 12:20 40

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында тағы бір визит-орталық пен этно-кафе салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «24KZ».

Жоба туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар өңірде Бозжыраның жоғарғы шолу алаңына апаратын ұзындығы 14,9 шақырым болатын автожолдың құрылысы жалғасып жатыр.

Қазір Бозжырадағы алғашқы визит-орталық техникалық режимде жұмыс істеп тұр. Мамыр айынан бері ол күніне 45-50 туристі қабылдап, келушілерге қажетті ақпараттық және сервистік қызмет көрсетуде. Нысанның ресми ашылуы шілде-тамыз айларына жоспарланған.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында өңірге 67 793 турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп. Туристер көбіне Бозжырамен қатар Торыш алқабы, Шерқала тауы, Айрақты, Қызылқұп шатқалы мен Тұзбайыр сорына барады.

Соңғы жылдары өңірге келетін шетелдік туристер саны да артып келеді. Туристік компаниялардың мәліметінше, Маңғыстауға ең көп турист Италия, Жапония, Қытай және Германиядан келеді.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz