RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында тасжолға «ақылды» жүйе орнатылып жатыр

10.07.2026, 13:20 59

«Ақтөбе -Атырау» тасжолының бойына көліктің орташа жылдамдығын есептеп шығаратын автоматты жүйе орнатылып жатыр. Бейнебақылау камералары автокөліктің жүрген жолын бақылап отырады.

Жол ережесін бұзу жағдайын дереу анықтайды. Жылдамдықты асырса, жүргізушіге бірден айыппұл салынады. Бұл облыс аумағындағы алғашқы "ақылды радар". Полицейлер жаңа жүйенің  жол апатын азайтуға септігі тиеді дейді. Ақылды камералар  әзірге Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларының арасына қойылды.

Еркін Өтеген, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Жыл басынан бері тап осы жолда 24 жол көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Одан 13 адам қаза болып, 51 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Өздеріңізге белгілі сараптамаға сәйкес, ең бірінші жол көлік оқиғасына алып келетін жағдай ол - жылдамдықты асыру. Екінші - қарсы жолаққа шығу. Сол себептен осындай іс-шаралар қолданылып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz