Ел азаматтарының басым бөлігі болашаққа үлкен үмітпен қарайды.
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеу осындай нәтиже көрсетті. Сауалнамаға барлық өңірден 18 жастан асқан 8 мың тұрғын қатысты. Респонденттердің 95 пайызы өз өміріне толықтай немесе жалпы қанағаттанатынын жеткізіп, үштен екісінен астамы кейінгі бір жылда отбасының материалдық жағдайы жақсарғанын атап өтті. Әр төртінші қатысушы тұрмысының қалыпты екенін айтса, жауап берушілердің небәрі 6 жарым пайызы жағдайының тұралап кеткенін мәлімдеді. Сауалнамаға қатысқандардың 78 пайызы алдағы бір жылда отбасының әл-ауқаты бұдан да жақсара түсетінін жеткізіп, ертеңгі күнге зор сенім артатынын аңғартты.
Тегтер #сауалнама #нәтиже #әлеуметтік оптимизмPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz