Орталық Азияға тартылған инвестициялардың 70%-ға жуығы Қазақстанға тиесілі.
Еліміз бұл көрсеткіш бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстаннан озып тұр. UNCTAD ұйымының дерегінше 2024 жылғы жағдай бойынша Орталық Азия елдеріне шетелден 220 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл қаржының 151 млрд доллары Қазақстанға құйылған. Ал былтыр елге тартылған инвестиция көлемі 156 млрд долларға жетіпті. Түрікменстан 44 млрд доллар, Өзбекстан 16 млрд доллар, Қырғызстан мен Тәжікстан 4 млрд доллар тартыпты.
Тегтер #Орталық Азия #инвестиция #көрсеткішPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz