Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері ұялы байланыс операторларына 30 млн теңге айыппұл салынды.
Кемшіліктер өңіраралық байланыс инспекциясының жоспардан тыс жүргізген тексерісі кезінде анықталды. Былтыр тұрғындардың арызы бойынша 21 байланыс компаниясына 38 миллион теңге айыппұл салынса, биыл жарты жылдың өзінде бұл көрсеткіш 30 миллионға жеткен. «Бұл өңірдегі байланыс сапасының нашарлағанын емес, ұялы қызмет сапасына тұтынушылардың талабы күшейгенін аңғартады», - дейді мамандар.
Ерғали Ержанов, Цифрлық технология басқармасының бөлім басшысы:
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 630-бабының 14 және 15-тармақтарына сәйкес байланыс сапасының техникалық сипаттамаларына қатысты жауапкершілік көзделген. Бұл жерде сөз техникалық параметрлер туралы болып отыр. Яғни дауыс байланысы немесе мобильді интернеттің 4G стандарты бойынша белгіленген техникалық нормативтерге сәйкес келмеуіне байланысты айыппұлдар салынған.
Тегтер #БҚО #айыппұл #байланыс операторы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz