RU
Толық нұсқаға өту

Елде киберқауіпсіздік мамандары даярлана бастады

10.07.2026, 19:39 48

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі кибер академия аясында 100 маманды оқытып жатыр. Білікті кадр даярлау – цифрлық егемендіктің негізі.

Отандық кибер қауіпсіздік сарапшыларының жаңа буынын қалыптастыру жан-жақтан төнген түрлі кибер қауіппен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Cонымен қатар отандық 12 жоғары оқу орны кибер және ақпараттық қауіпсіздік мамандарын даярлайды. Бүгінде оларға 3 мыңға жуық грант бөлінді. Жас мамандар әрі қарай арнайы бағдарламалар мен курстар арқылы білімін жетілдіріп, біліктілігін шыңдай алады.

Айдын Темірбеков, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы:
- Жыл сайын киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға бөлінетін гранттар саны артып келеді. Бұдан бөлек, «Документолог» ақпараттық жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена бойынша арнайы модуль әзірледік. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында 1500-ге жуық маман біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Ал биыл жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерін оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz