RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында су шаруашылығы цифрландырылып жатыр

10.07.2026, 20:24 42

Қызылорда облысында су шаруашылығын цифрландырып, автоматтандырылған жүйеге енгізу жүріп жатыр. 

«Бұл тіршілік нәрін үнемдеуге мүмкіндік береді», - дейді мамандар. Өңірде су тапшылығынан қуаңшылық жиі болады. Соған қарамастан, егін егіп, бау-бақша салып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған жандар көп. Облыстың су шаруашылығы саласында мыңға жуық адам еңбек етеді. 

Бұл гидроторап арқылы тәулігіне  миллиондаған текше метр су өтеді. Өңірдің тыныс-тіршілігі осы суға тікелей тәуелді. Сырдарияның ағысын реттеу, елді мекендерді су тасқынынан қорғау және судың әр литрін тиімді бөлу – сала мамандарының басты міндеті. «Бұл жұмыстың жауапкершілігі жоғары», - дейді 20 жылдық тәжірибесі бар гидротехник Біржан Райымбеков.

Біржан Райымбеков, Қызылорда гидроторабының гидротехнигі:

- Оның да әр тамшысында өлшеу бар, соны біз өлшейміз. Шаруашылықты судан күріш дақылының күйіп кетпеуіне біз жағдай жасап, соған біз су беріп отырамыз.

Бүгінде қол жұмысы азайды, салаға цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Ақылды жүйе бәрін өзі есептейді. Автоматтандырылған бақылау жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр. 

Маратбек Айтмағанбетов, Қызылорда гидроторабы өндірістік учаскесінің басшысы:

- Электронды суды есептеу құралдарын қондырау мақсатында мына жылдан жылға судың тапшы болып азаюына байланысты бұл үлкен шешімін береді деген үміттемін.

Өңірдегі су шаруашылығының инфрақұрылымы жаппай жаңғыртылып жатыр. Су шығынын азайтуға және тапшылықты төмендетуге бағытталған гидрожобалар жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар стратегиялық маңызы бар «Қараөзек» су қоймасын салу жоспарланған.

Нажмадин Шамуратов, «Қазсушар» ШЖҚ РМК облыстық филиалы басшысының міндетін атқарушы:

- Бұл – үлкен жоба. Жобаның қаржылық құны 3 млрд 900 млн теңгені құрайды. Нәтижесінде 775 млн текше метр су жинақталады. Бұл жаз мезгіліндегі шабындық және жайылымдық жұмыстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазалы ауданында су тапшы кезеңдердегі мәселелерді шешу бағытында және суды әрі қарай теңізге жеткізу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Осылайша өңірдің су жүйесін цифрландыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Су – жаңарып отыратын ресурс болғанымен, қоры шектеулі. Сондықтан тұщы судың әрбір текше метрін үнемдеу үшін,  жүздеген маман еңбек етеді. Олардың күнделікті міндеті – тіршілік нәрін сақтау. 

Авторлары: Карина Хаберова, Райхан Тәжібаева, Ақан Әлиев

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz