Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Миссиясының басшысы Винсент Пикетпен кездесті.
Онда шетелдіктерге Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына дайындық барысы баяндалды. Нұрлан Әдбіров миссия мүшелеріне конституциялық реформаның басым бағыттарын таныстырды. Өз кезегінде Винсент Пикет Қазақстанның қазір институционалдық және заңнамалық жаңғырудың маңызды кезеңінен өтіп жатқанына тоқталды. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрамындағы аса маңызды әрі беделді серіктесі. «Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауын байқау бойынша шақырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», - деді ол.
Тегтер #Орталық сайлау комиссиясы #ЕҚЫҰ #кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz