RU
Толық нұсқаға өту

Адам құқықтары жөніндегі комиссия жаңа құрамда алғашқы отырысын өткізді

10.07.2026, 22:00 35

Адам құқықтарына қатысты мәселе енді жаңа комиссия мүшелерімен қаралады. 

Құрамының шамамен үштен бірі өзгеріп, мамандар сан-саладан қосылды. Ал төраға ретінде Жақып Асанов бекітілді. Ол жаңа Конституцияның қабылдануымен комиссияның да жауапкершілігі артқанын айтады. Себебі Ата заңда мемлекет пен азамат қатынасына қатысты жаңаша философия қалыптасқан. Адам құқықтары мен бостандығы жоғары конституциялық құндылық ретінде бекітілуі соның негізі. «Заң мен Тәртіп», «Әділетті Қазақстан» қағидаттары мемлекеттік саясаттың бағдарына айналды. Сондай-ақ конституцияда жеке өмірге қол сұқпау құқығы қазіргі цифрлық дәуір талаптарына бейімделген. Осы тұрғыда арнайы комиссия адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігін жетілдіріп, өзекті мәселені талдап, ұсыныс білдіреді.

Досжан Әмір, ҚР Судьялар одағының төрағасы:

- Құқық қорғау органдарымыз бар: ІІМ, ҰҚК, прокуратура және сот саласы. Бүгін олар заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқарады. Біз олардың жұмысына ешқандай араласпаймыз. Біздің мақсатымыз – адам мен азаматтың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу. Қажет болған жағдайда, Президенттің атына хат жолдай аламыз. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласын жетілдіру үшін қандай заңдар қабылдау қажет, қандай мәселелерді көтеруге болады деген бағыттарда ұсыныстар береміз. Біздің атқарып отырған жұмысымыз осы бағыттарды қамтиды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz