RU
Толық нұсқаға өту

Бұқтырмада қосымша паром рейстері ашылды

11.07.2026, 08:00 29

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы қатынайтын паром енді түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Сонымен қатар қосымша рейстер іске қосылды. Қатон-Қарағай ауданында өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне орай осындай шешім  қабылданды. Демалыс күндері Алтай өңіріне 20 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланған. Осыған байланысты келушілерге Бұқтырма су қоймасы арқылы пароммен саяхаттап, өңірдің әсем табиғатын тамашалауға мүмкіндік жасалып отыр. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағыт бойында құтқарушылар күшейтілген режимде кезекшілік атқарады.

Айжан Рахымжанова, жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұқтырмадағы паром өткелі облыстың туристік нысандарының біріне айналды. Бұл су қоймасы арқылы қатынасты қамтамасыз ететін ерекше көлік түрі. Халықаралық фестивальге келетін отандық және шетелдік туристер пароммен сапар шегіп, Бұқтырма су қоймасының табиғаты мен көркем келбетін тамашалай алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz