Таразда құтқарушылар балаларды жүзуге баулып жатыр.
Тегін оқу курстары 9 бен 14 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Сабақ барысында мамандар жеткіншектерге судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жүзудің бастапқы тәсілдері мен алғашқы көмек көрсету жолдарын үйретуде. Жүзу сабақтары жаз бойы аптасына үш рет өткізіледі. Бүгінде жобаға 100-ге жуық оқушы қатысқан. Жалпы облыста 180 су айдыны бар. Оның тек 12-сінде ғана шомылуға рұқсат етілген. Сондықтан 1 маусымнан бері құтқарушылар 544 рейд ұйымдастырды. Тыйым салынған жерлерде шомылғандарға қатысты 53 әкімшілік хаттама толтырды.
Қанат Иманқұлов, облыстық ТЖД басқармасының басшысы:
- Шомылу орыны рұқсат етілген қауіпсіз болу керек. Рұқсат етілген орындардың түбін біздің департаменттің құтқарушылары зерделеп, тазаланады шомылу маусымының алдында. Одан бөлек құтқарушы құрал-саймандары, қауіпсіз шаралары сақталған жерде ғана шомылу қажет. Суармалы канал, Талас өзенінде шомылуға рұқсат жоқ.
Тегтер #құтқарушы #балалар #жүзу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz