RU
Толық нұсқаға өту

Елде бұлақтар мен су айдындары тазартылды

11.07.2026, 20:20 26

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясының екінші кезеңін бастады.

Экологиялық науқан елдегі бұлақтар мен су айдындарының жағалауын тазартуға бағытталған. Іс-шаралар барлық өңірде бір мезгілде өтті. Республика бойынша 11 мыңнан астам адам атсалысты. Акция аясында 58 бұлақ пен 35 су айдынының аумағы тазартылды. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен бірге Баянауыл ауданында орналасқан бұлақты тазарту жұмысына қатысты.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Мақсатымыз - қоғамның ішінде табиғатқа, оның ішінде су ресурстарын үнемдеу, ұтымды пайдалану мәселесіне назар аудару. Мемлекет басшысы өз сөзінде айтқан, суды үнемдеудің жаңа мәдениетін қалыптастыруымыз керек деген. Сондықтан министрлік осы бағытта жұмыстар жүргізіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz