RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр

12.07.2026, 15:37 40

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын көрді. 

Сарысу ауданында іске асып жатқан Qazaq Soda зауытының алғашқы кезеңінде, жылына 500 мың тонна өнім өндірілмек. 375 тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал құны 500 млрд теңге болатын «ЕуроХим-Қаратау» жобасы 1 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жылына 1 млн тонна минералды тыңайтқыш өндіреді. Ал Казфосфат компаниясының химиялық кешені жылына 1 млн тонна аммофос өндіруге есептелген. Құны 1,3 млрд долларлық жоба 2029 жылы пайдалануға беріліп, мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылады. Вице-премьер Тараздағы тұрғын үй құрылысы, жылу энергетикасы және көлік инфрақұрылымы нысандарының орындалу барысымен де танысып, барлық жобаны мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz