Атыраудың іргесіндегі Еркінқала ауылында тұратын 13 жастағы Сұлтан Исат тігіншілікті үйреніп жүр.
Жас шебер әзірге қарапайым дүниелер тігіп, қолын жаттықтыруда. Оның бұл өнерге қызығушылығы киім үлгілерін қағаз бетіне түсіруден басталған. Кейін әлеуметтік желі арқылы түрлі видео қарап, қолөнерге бет бұрды. Баласының бастамасын қолдаған ата-анасы оған тігін машинасын алып берді.
Каникулда Сұлтан өзінің сүйікті ісімен айналысуға белсене кіріскен. Бұған дейін қарындасына көйлек тігіп берген ісмер бала енді белдемше тігіп жатыр.
Сұлтан Исат, тігінші бала:
- Ол белді әдемі қылу үшін қыз балаларға арналған. Корсет деп айтады. Эскиздерді интернеттен қараймын. Ютуб арнасынан қараймын. Әртүрлі интернет желілерініен қараймын. Соған шабыттанып эскизін саламын. Болашақта дәл осы мамандықты алып, дизайнер одежды мамандығын таңдағым келеді.
Бала Сұлтанның тігіншілік өнерге ден қоюына алдымен суретшілігі себеп болды. Киім үлгілері алдымен қағаз бетіне сызылды. Айтқандай, Сұлтанның тігіншілік талабын алғаш болып қолдаған атасы Исат Ибағалиұлы. Қолы бос уақытында ол немересінің шеберханасын қызықтап, бағыт-бағдар беріп жүр.
Исат Ибағалиұлы, Сұлтанның атасы:
- Өзінің қолынан шыққан тақиясы ғой алғашқы. Мына бұрыштарынан енді әлі де көрініп тұр еңбектену керек екені. Әлде де шеберлігін дамыту керек екені. Тігістері, түйіндері алда курсқа қатысып үйренеді деп ойлаймын. Қолының жаттығуына байланысты ғой, ұл бала қыз баладай емес...
Бір қызығы, Сұлтанның ата-анасы бұл қолөнерге бейім емес. Әкесі көлік жүргізуші, анасы Жанар жедел жәрдем станциясында қызмет істейді. Отбасында Сұлтаннан басқа 4 бала бар. Соның ішінде тігінге икемдісі осы дейді анасы.
Жанар Темірғалиева, Сұлтанның анасы:
- 3-класта суреттер салып жүрді апайы бастауыш апайы суреттерін алып, 4-класта эскиздік киім үлгілерін салып жүрді. Сонан бастап киім тіккісі келіп суреттерін алып қалып, үйдегі қалдық маталардан киім тігіп ойын жүзеге асырғысы келді. Оған біз демеу болдық.
Сұлтан биыл 7-сыныпты аяқтады. 3 жылдан бері тігін тігіп жүр. Ауылдастары ісмер бала деп атайды. Болашақта ол дизайнер болғысы келеді. Ал ата- анасы баласының уақытты бос өткізбей, тиімді тірлікті игеріп жүргенініе риза.
Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин
Тегтер #Атырау #талап #тігінші #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz