RU
Толық нұсқаға өту

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

13.07.2026, 10:06 54

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) растады, деп хабарлайды «24KZ».

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қожағапановтың мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны туралы ақпарат тарады. ҚАЖК мәліметінше, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеген, алайда сот шешімі негізінде жазасының өтелмеген бөлігі — екі ай бас бостандығынан айыру мерзімі айыппұл түріндегі жеңіл жазаға ауыстырылған.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы мамырда Ерлан Қожағапанов үш жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот оны ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп таныды. Іс Қазақстан мен Ресей президенттері қатысқан форумды өткізуге бөлінген 1 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатына нұқсан келтіру туралы болған.

Іс материалдарына сәйкес, ол жеке компанияның мүддесі үшін 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға келісімшарт жасасуға лоббистік әрекет жасаған.

Сот тыңдаулары бес айдан астам уақытқа созылды. Қожағапанов куәгерлерге қысым жасалғанын алға тартып, өз кінәсін мойындамады, тіпті істі жасанды интеллектінің қарауына беруді ұсынды.
Бұған дейін прокурор Қожағапановты жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Айыптау нұсқасы бойынша, 910 млн теңгеден астам қаражат үлестес компаниялармен жасалған жалған келісімшарттар арқылы сыртқа шығарылған.

2025 жылғы қыркүйекте экс-вице-министрге қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz