Ақмола облысында полицейлер ер адамды шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды «24KZ».
Полицияға Щучинск қаласынан облыс орталығына көлік жіберіліп жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті, рульде әйел адам болған. Ол кенеттен денсаулығы нашарлаған әкесін әкеле жатқан. Болжам бойынша инсульт болуы мүмкін. Хабарламаны алған Ерік Сералы мен Бағжан Бастамит көлікті дереу қарсы алып, маяктарды қосып, Ақмола облыстық ауруханасына жеткізіп, кедергісіз жол жүруді қамтамасыз етті.
Көкшетау қаласының патрульдік полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Еңбектеріңіз үшін көп рақмет! Әкемнің жағдайы жақсы! Отбасыларыңызға, туыстарыңызға амандық! Жеңіл қызмет тілеймін!, — деп ер адамның қызы Ақмола облысы ПД ресми парақшасында алғыс сөздерін білдірді.
Полицейлердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам медициналық мекемеге уақтылы жеткізіліп, қажетті көмекті алды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz