RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында 100-ден астам агротуризм жобасы жүзеге асып жатыр

13.07.2026, 13:10 36

Ақмола облысының агротуризм саласында 100-ден астам жоба жүзеге асып жатыр. Соңғы жылдары курортты аймаққа келетін демалушылар әсем табиғатта тынығып қана қоймай, этноауылдарға қызығушылық танытқан.

Мысалы, Бурабай ауданындағы марал шаруашылығына күніне жүздеген адам келеді. Туристер кербұғыларды жақынырақ көріп, шаруашылық маңындағы этноауылға да соғады. Онда қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі және мәдени мұрасымен танысады. Қазір өңірге саяхаттап келетін туристердің тек 30 пайызға жуығы этноауылдарға барады. Алдағы уақытта олардың қатарын көбейту көзделген. Ол үшін ауылдардағы инфрақұырылымды жақсартып, туристерге тартымды ету жағы қарастырылып жатыр.

Андрей Подгурский, Туризм басқармасының басшысы:

- Өңірдегі демалыс орындарының 30 пайызға жуығы агротуризм бағытында жұмыс істейді. Бір ғана Бурабайдың өзінде бес этноауыл бар. Онда туристер табиғи өнімнен дәм татып, тыныға алады. Алдағы уақытта осындай этноауылдарды көбейтуді көздеп отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz