RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ жоба әзірлеушілеріне ₸ 2 млн грант беріледі

13.07.2026, 14:10 33

Елде жас стартаперлерді қолдаудың жаңа тетігі іске қосылды. Жасанды интеллект бағытындағы үздік жоба авторларына 2 миллион теңге көлемінде арнайы гранттар берілмек. Байқауға кімдер қатыса алады? 

Жандос Батырхановтың стартапына небәрі 7 ай болды. Ол өзінің командасымен бірге медициналық ұйымдарға арналған ыңғайлы бағдарлама ойлап тапты. Бұл жоба емханалар мен ауруханаларды бір жүйеде басқаруға мүмкіндік береді. Яғни, мамандар палатформаға кіріп, қоймадағы дәрі-дәрмектердің бар-жоғын, олардың қолдану мерзімін немесе науқастардың талдау нәтижелерін бақылап отырады. Бағдарламаның алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Қостанайдағы медициналық ұйым пилоттық негізде осы цифрлық өнімді белсенді пайдаланып жатыр. Ендігі мақсат - қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп, серіктес медициналық ұйымдар санын арттыру. Ол үшін жаңа серверлер сатып алу қажет.  

Жандос Батырханов, стартапер:

- Барлық қаржыны бірыңғай цифрлық платформаға айналдырып, денсаулық саласының тиімділігін арттырып, шығындарын азайту. Біздің жобаға АІ инфрақұрылымы, серверлер және басқа да технологиялар қажет. Денсаулық сақтау саласы қауіпсіз сала болуы қажет. Заңнамамыз бойынша барлық сервер қауіпсіздік бойынша Қазақстан аумағында болуы керек. Ол жерде персонал дата, яғни ұйымдар мен пациенттердің жеке деректері бар.

Осы орайда жас кәсіпкер Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы беріп отырған мүмкіндікті пайдаланып, 2 миллион теңгелік грантты жеңіп алуға ниетті. Ал, жастардың жалынын сөндіріп алмай, бастамасын бірден іске асыру үшін қаржы бірден табысталады екен.

Анар Төлеубаева, «Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы - QAZ.AI» төрағасының орынбасары:

- Жалпы нарықта бәсекелестік өте жоғары. Өтінімдерді ең көп дегенде 10 күнде қарастырамыз. Егер біздің идеямыз жанып тұрса, қазір істегіміз келеді, сондықтан бұндай стартаптарды біз қолдауымыз керек. Егер жарты жыл өтіп кетсе, бұл идеяның өзектілігі жоғалады. Стартаптың командасы бытырап кетуі де мүмкін. Ең бастысы жасаймыз десе, осындай мүмкіндікті ұйымдастырамыз.

Мұндай мүмкіндікті қалт жібермес үшін стартаперлер қазірдің өзінде Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығының сайтына кіріп, өтінімдерін қалдыра алады. Айта кетерлігі, үміткерлердің жас ерекшелігіне қатысты ешқандай шектеу қойылмайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz