Аралда түйе сүтінен халықаралық стандартқа сай құрғақ ұнтақ дайындайтын зауыт ашылды.
Сонымен қатар жоғары сортты ас тұзын шығаратын заманауи кәсіпорын іске қосылды. Жалпы Қызылорда облысыныңда экономиканы әртараптандыру және экспорттың әлеуетін арттыру шаралары жүзеге асып отыр. Оның ішінде осы Арал ауданында өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып жатыр.
«Бұл жоба отандық агроөнеркәсіп кешені үшін үлкен серпіліс», - дейді мамандар. «Qazaq Camel» компаниясының жобалық құны үш миллиард теңге болатын зауыты тәулігіне тонналап шикізат өңдеуге қауқарлы. Жергілікті шаруа қожалықтарынан түйе сүтін қабылдайды. Өңірден үш түрлі өнім экспортқа шығарылады.
Мұрат Ергешбаев, облыс әкімі:
- Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауытының жылдық қуаттылығы 400 тоннаға жуық. Мұнда 23 адам жұмыспен қамтылады. Жаңа зауыт түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдыру үшін күніне 20 мың литр сүтті қажет етеді. Бұл жергіліті тұрғындар үшін тиімді болмақ. Күнделікті өндіріс орны түйе сүтін өткізіп тұрақты табыс табуға мүмкіндік алады. Жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік қолдау аясында индустриялық аймақтан 1 гектар жер берілді. Қажетті инфрақұрылымдар тартылды.
Өндіріс орнында жоғары сортты ас тұзын шығаратын зауыт та салынды. Жобаға 2 млрд теңге инвестиция жұмсалды. Мемлекет таратыпан да қолдау болды. Кәсіпорынға 4 гектарға жуық жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылым жүргізілді.
Шыңғысхан Сәрсенов, зауыттың атқарушы директоры:
- Жылдық қуаттылығы 40 тонна. Қазіргі таңда 30 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр. Зауытытң ішіндегі құрылғы сағатына 15 тонна ас тұзын өңдейді. Сыртта тұрған құрылғы техникалық тұздан сағатына 50 тонна өңдейді. Өнім ішкі нарыққа және 20 пайызы шетелдерге экспортталады.
Қос кәсіпорын да өңірдің индустриялық кластерінің іргетасына айналды. Алдағы үш жылда облыста құны екі триллион теңге болатын 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Ал жыл соңына дейін жүз миллиард теңгеге бағаланған 21 жоба іске қосылады.
Авторлары: Мансұр Есқожин, Райхан Тәжібаева, Ақан Әлиев
Тегтер #Түйе сүт #ұнтақ #зауытPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz