RU
Толық нұсқаға өту

Түнгі фотосессия: Семейде көпір үстінде суретке түскен әйел жауапкершілікке тартылды

13.07.2026, 17:39 28

Семейде түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол бөлігінде фотосессия ұйымдастырған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба көпшіліктің алаңдаушылығын туғызды. Кадрларда әйелдің көлік қозғалысына қарамастан, қараңғы уақытта жолдың үстіне жатып, камераға суретке түсіп жатқанын көруге болады.

Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы азаматшаның жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Әйелге қатысты жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Абай облысы Полиция департаменті мұндай әрекеттер адамның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін ескертеді. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz